Бақыт форумы

Форум мақсаты – азаматтардың өз өмір сүру жағдайларына қанағаттану деңгейін анықтау.

2012 жылдан бастап БҰҰ-ның Орнықты даму желісі Бақыт туралы дүниежүзілік баяндаманы (World Happiness Report) жыл сайын жариялап отырады.

2019 жылы Қазақстан 156 елдің ішінде 60-шы орынға тұрақтады.

Бақыт форумы

Зерттеу барысында анықталды

Бақыт индексі бойынша Қазақстан өңірлерінің бірінші рейтингі

Бақыт индексі бойынша Қазақстан өңірлерінің бірінші рейтингі

Бүгінгі таңда барлық елдің әлеуметтік-экономикалық саясаты жетістіктерінің жалпыға ортақ өлшем көрсеткіші - жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) болып табылады. Бірақ ЖІӨ-ге қоса, халықтың өмір сапасын анықтайтын басқа да факторлар бар екенін естен шығармау керек. Ғалымдардың пайымдауынша, адамдың өмір сүру сапасын әбден өлшеуге болады екен.

Мемлекеттік бағдарламалар рейтингі

Мемлекеттік бағдарламалар рейтингі

Мемлекеттік бағдарламаларды талдау барысында халықтың ол бағдарламаларға қанағаттану деңгейі мен елде қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне баға берілді. Статистикалық және сауалнама мәліметтерінің көмегімен бағаланған 10 мемлекеттік бағдарламаға талдау жүргізілді.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бойынша компаниялар рейтингі

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бойынша компаниялар рейтингі

Соңғы бірнеше жылда компаниялардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің (КӘЖ) мән-маңызы өсіп отыр. Елдегі әлеуметтік жауапкершілігі ең жоғары компанияларды анықтау мақсатында CSI ірі компаниялардың қызметтеріне талдау жүргізіп шықты.

Респондент бейнесі

3000 адамнан

жауап алынды

орташа

жас 36

Бақыт индексі бойынша Қазақстан өңірлерінің бірінші рейтингі

Қазақстан өңірлеріндегі бақыт деңгейін бағалау үшін CSI Бақыт туралы дүниежүзілік баяндаманың әдістемесі негізінде бақыт рейтингін талдап жасады.

Қазақстанның бақыт рейтингі бойынша зерттеу жұмысы статистикалық және сауалнама факторларына (бұдан былай – негізгі факторлар) негізделген. CSI бақыт рейтингі: жақын адамдардың қолдау-көмегі, денсаулық, іс-әрекет еркіндігі, өзгелерге көмек көрсету мүмкіндігі, сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарас және мемлекеттік қызметтер мен жасалып отырған әлеуметтік жеңілдіктерге қанағаттану сияқты факторлардан тұрады. «Денсаулық» статистикалық көрсеткіші екі рейтингтегі салауатты өмір салтының болжанған ұзақтығы арқылы өлшенеді. Зерттеулер 14 облыс пен республикалық маңызға ие 3 қаланың мәліметтері негізінде жүргізілді. 3000 респонденттен сауал алынды. Респонденттер өңірлердегі халық санына теңестіріліп жасалды.

Респонденттерге 10 балдық бағам бойынша бақыт деңгейіне әсер ететін әр факторға баға беру ұсынылды (0- ең төменгі, 10- ең жоғары).

Жүктеп алу:

Мемлекеттік бағдарламалар рейтингі

Қоғамның әл-ауқаттылығы көбіне мемлекеттің дұрыс таңдалған әлеуметтік-экономикалық саясатына байланысты болады. Осы саясатты жүзеге асыру үшін халықтың өмір сүру сапасын арттыруға негізделген түрлі мемлекеттік даму бағдарламалары жасалады.

Бұл зерттеуде Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламаларының халықтың өмір сүру деңгейіне тигізіп отырған әсерлеріне талдау жүргізілді және қабылданып жатқан шаралардың нәтижелігі анықталды.

10 мемлекеттік бағдарламаға талдау жүргізілді, оларға сауалнама және статистикалық мәліметтердің негізінде баға берілді.

Статистикалық мәліметтер ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарынан,

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінен алынды.

Сауалнама мәліметтері 14 облыс пен республикалық маңызға ие 3 қала бойынша 3000 респондентен онлайн-сауалнама алу жолымен жинақталды.

Жүктеп алу:

КӘЖ рейтингі

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік дегеніміз - компанияның ішкі (акционерлер, инвесторлар, қызметкерлер және т.б.) және сыртқы (мемлекет, қоғам, мекемелер, қоршаған орта және т.б.) мүдделі тараптарға деген жауапты және этикалық қарым-қатынасы туралы тұжырымдама.

Соңғы бірнеше жылда компаниялар үшін әлеуметттік жауапкершіліктің маңызы артып келеді, себебі бұл фактор компанияның имиджін жақсартады, білікті кадрларды тартуға және өз өнімдері мен қызметтерін тұтынушылар үшін тартымдырақ етуге мүмкіндік береді, соның арқасында компанияның кірісі арта түсетіні тағы бар.

Біздің зерттеуімізде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын дамыту және елдегі әлеуметтік тұрғыдан ең жауапты комианияларды анықтау мақсатында компанияларға талдау жұмыстары жүргізілді.

Мәліметтерінің кешігуіне байланысты компаниялардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік рейтингі кейін жарияланады.

2018 ж. Стратегиялық бастамалар форумы