Бақытты адамдар қайда өмір сүреді?

Еліміздегі ең бақытты адамдар Нұр-Сұлтан қаласында өмір сүреді.

Стратегиялық бастамалар орталығы жүргізген зерттеу қорытындысы осылай дейді. Тізімді Елорда бастап тұрса, одан кейінгі орындарда шымкенттіктер мен ақмолалықтар орналасқан. Ал, қарағандылықтар рейтинг соңында тұр.

Сауалнамаға қатысқан 3 мың респондент мынадай сауалдарға жауап берген: жақындарыңыз көмектесе ме, таңдау құқығы бар ма, өзгеге көмек, денсаулық және әлеуметтік игіліктерге халықтың қолжетімділігі.

Толық нұсқасы сілтеме бойынша: https://kaztrk.kz/news/qogam/baqytty-adamdar-qaida-omir-suredi-128298